Азия Балалар Чемпионаты

Шри-Ланкада өткен балалар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Елімізден барған жас спортшыларымыз бұл жолы қоржынымызды қазынаға толтырып қайтты десек те болады. Шахматтың блиц жане рапид түрлерінен жүлдегерлерді атап өткен болатынбыз. Енді ойынның маңызды түрі классикаға тоқталып өтейік.

8 жас ұлдар арасында Түлендинов Дінмұxаммед алтын медальды иеленіп, Азия чемпионы атанды. Нұрғалиева Зарина 10 жас, Нұрманова Алуа 12 жас, Балабаева Ксения 14 жас кыздар арасында коланы иеленди.16 жас кыздардан Нұрғали Назерке күмісті, Сұлтанбек Зейнеп қоланы қоржынға салды.
Жарыста жүлдеге сәл ғана жетпей қалған баларларымыз да баршылық. Солардың бірі Жұмағали Раяна жап — жақсы ойын көрсетіп келе жатып шаршады ма қолдағы жүлдені беріп қойды. Өкінішті. Алдағы түрік елінде өтетін әлем чемпионатында өзін көрсете алатынына сенеміз.
Соңғы жылдары елімізде спорттың шахмат турімен айналысатын жастарымыздың саны күрт өсті. Көпшілігі Азия, Әлем чемпионатында орын алып елімізді танытып жүр. Егер Қазақстан біріншілігінде алғашқы үштікке ілінген жеңімпаздарымызға Азияда, Әлемде өздерін көрсетуге мүмкіншілік берсек, қаражаттары болмай бара алмай қалған өзге де талантты жасөспірімдеріміз бағын сынап көрер еді.
Азия чемпионатына қатысқан барлық жасөспірімдерге тек қана жеңіс тілейміз. Ата- аналары мен бапкерлеріне үлкен алғысымызды айтамыз.

Айжамал Әбді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.